КӨШЕГЕ QR-КОДЫ БАР ТАҚТАЙШАЛАР ІЛІНДІ Избранное

Пятница, 02 Октябрь 2020 03:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1910 раз

120469413 3948273565188422 7134623638304088006 n

Әл-Фараби ауданы аумағында 75 көшеге QR-коды бар тақтайшалар ілінді. Атап айтқанда, жаңа үлгідегі тақтайшалар Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Бадам, Забадам, Химфарм, Самал-2, Түркістан шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінді.

Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Былтыр QR-код индексі бар тақтайшалар аудан аумағындағы 672 көп қабатты үйге орнатылған болатын.
Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан атауы жоқ көшелерге уақытша нөмір беру жұмыстары атқарылды. QR-код мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде пайдаланады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет көрсетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.