Елбасы – Шымкентке іссапармен келді Избранное

Среда, 30 Сентябрь 2020 06:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1740 раз

29-09-2020-kazmedpribor-shymkent00002

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына іссапармен келді. Елбасы алдымен үшінші мегаполистегі медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын «Казмедприбор» кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат
Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына салынатын 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана құрылысы туралы ақпарат берді. Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталық жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды.
А.Есімов Елбасына 3000 дана көлемінде «Авифавир» дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді.
Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі – «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.
Көне қалашықты аралау кезінде
Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелері және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.
Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары жайын баяндады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.