Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалды.
Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.
Сонымен қатар, құрылыс басқармасының мәліметінше, зоологиялық бақтағы қайта құру жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Жаңадан 2 павильон, жасанды өзен және көпір салынып жатыр. Бүгінгі таңда демонтаж жұмыстары - 90%, іргетас - 30%, көлді бетондау - 40%, қасқырлар үйі - 25%, аюлар үйі - 20%, маймылдар үйі - 30% орындалған.