5 СОРҒЫ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢАРДЫ Избранное

Пятница, 11 Декабрь 2020 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1849 раз

859f02ec-5de8-4d29-a3eb-83cc18ab5864

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Аманкелді көшесіндегі қайта құрудан өткен сорғы станциясының жұмысымен танысты. 1Д1250-63 маркалы сорғы станциясы өткен ғасырдың 1970 жылдары салынған. Өндірістік қуаттылығы – 1250 м3/сағ. Бір жылға 2162,16 мың кВт/сағ. электр қуатын пайдаланатын.

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында сорғы станциясын қайта құру бойынша 438,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қайта құру жұмыстарын мердігер «Кокше Строй Плюс» ЖШС-і шілде айында бастаған. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанға «Wilo» маркалы сорғылармен тығындық арматуралар орнатылды. Нысан 15-18 пайызға электр қуатын аз пайдаланып, орталықтандырылған жылу жүйесінде сапалы қызмет атқаруда.
Жаңғырту жұмыстарымен танысқан қала әкімі «Қуат жылу орталық -3» мекемесінің басшысы Пердебай Сабитовке сорғы станцияларын автоматтандырылған жүйеге көшіру және жылу жүйелері бағытында жаңа заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, жаңғырту жұмыстары Гагарин көшесіндегі, Уәлиханов көшесіндегі K 1, Жанқожа батыр көшесіндегі К- 16, Жібек жолы көшесіндегі К-ЕДЖ сорғы станциясының ғимаратында жүргізілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.