Қайырымдылық – жылы жүректен Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1295 раз

Рамазан айындағы қайырлы істер жалғасуда. Бұл жолы «Көрме орталығында» ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарада емхана мен ауруханалардың кіші буын қызметкерлеріне азық-түлік себеттері үлестірілді. Қайырымдылық акциясы Шымкент қалалық дін істері басқармасы мен «Евангелия сеніміндегі христиандар одағы» ұйымы тарапынан қолға алынды.

650

 

– Қасиетті Ораза айының құрметіне орай және еліміздегі діни бірлестіктер арасында сенім мен өзара байланысты нығайту мақсатында медицина мекемелерінің кіші буын өкілдеріне ауызашарға деп азық-түлік себетін тартуды ұйғардық. Мүбәрак айдың бірінші күні Шымкент қаласы әкімінің атынан азық-түлік себеті таратылса, екінші күні «ОтауСтрой» компаниясының басшысы Қайрат Молдасейітовтің демеушілігімен әлеуметтік көмекке зәру отбасылар сыйлық ретінде бір-бір қораптан азық-түлік алды. Енді міне қаладағы протестант діні өкілдерінің басын құраған ұйым бүгінде маңыздылығы арта түскен сала – медицинаның кіші буын қызметкерлеріне қайырымдылық көрсетуге бел буыпты. Тұрмысы төмен азаматтарға көмек беру іс-шарасы оразаның әр күнінде жалғасын табады, – деді Шымкент қалалық дін істері басқармасы бөлімінің басшысы Бақыт Төлемісов.
«Евангелия сеніміндегі христиандар одағы» ұйымының Қазақстанның Оңтүстік өңірлері бойынша өкілі Андрей Шаталовтың айтуынша қайырымдылық акциясы аясында денсаулық сақтау мекемелеріндегі 140 кіші буын қызметкеріне азық-түлік себеттері таратылды.
– Осындай ізгі амалмен сауапқа кенелуге ұмтылған қамқор азаматтарға, қоғамның тыныштығын, әлеуметтік қамсыздандыруды көздеген қалалық әкімдікке зор ризашылығымды білдіремін, – дейді қалалық перзентхана қызметкері Камила Өмірбекова.