ВАКЦИНА АЛҒАНДАР 163 МЫҢҒА ЖЕТТІ Избранное

Среда, 19 Май 2021 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1950 раз

«Шымкент тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Халықтың вакцинаға деген ықыласы жақсы. Бүгінгі күнде вакцина алатын контингенттің 30 пайызынан астамына вакцина салынды. Шымкент бұл көрсеткіш бойынша көш басында», - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

835

 

Үкімет отырысына селекторлық режимде қатысып, қаладағы эпид ахуалды баяндаған қала басшысы ақпан айынан бастап азаматтарды вакцинациялау үшін 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Бүгінге бірінші компонент 163 515 азаматқа, ал екінші компонент 66 657 азаматқа салынды. Халықтың вакцинаға деген ықыласы жақсы. Бүгінгі күнде вакцина алатын контингенттің 30 пайызынан астамына вакцина салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды»,-деді әкім.
Бұдан бөлек, қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілді. Қазіргі таңда, 428 бизнес нысаны жобаға қосылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.