Тұранда 13 көше салынуда Избранное

Среда, 14 Июль 2021 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 404 раз

Шымкент қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі Тұран шағынауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары да енгізілген.

429

 

Жыл соңына дейін № 1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.
Мәселен, биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80 %-ы аяқталған.
Сондай-ақ, «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60 % жұмысы орындалды. Жалпы жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Последнее изменение Среда, 14 Июль 2021 10:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.