ЖАҢА ТЕРМИНАЛ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ Избранное

Среда, 14 Июль 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1199 раз

Шымкентте сағатына 2000 жолаушыны өткізе алатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның салыну барысын тексерді.

434

 

Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына баса назар аударды. Бүгінгі таңда жер жұмыстары, свай және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.
Өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру мен жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.