–Өткен тәуліктің өзінде ковидке шалдыққан 412 науқас анықталды. Қазір инфекциялық стационарда 1774 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 166 науқас жан сақтау бөлімінде жатса, 64-нің жағдайы ауыр халде, - дейді Б.Позилов.
Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 3 мыңға жуық төсек-орын бар. Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты инфекциялық төсек-орындар саны көбейтілуде. Жалпы жыл басынан бері ковид жұқтырған 13 109 науқас тіркелген.