Шаһар сәулетінде – ерекше ескерткіш Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 03:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 355 раз

Үшінші мегаполисте халықаралық шахмат күніне орай ескерткіш ашылды. Орталық саябақта орнатылған шахмат фигурасының биіктігі – 3 метр, салмағы – 4 тонна. Сәулетті мүсінді «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атануына орай «Black Rock Business» ЖШС-і өкілі Бауыржан Мырзатаев Шымкентке сый ретінде тарту етті.

250

 

«Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атану сәтінде қаламызда оны айғақтайтын арнайы ескеркіштің болуы маңызды. Жергілікті тұрғындар мен шахмат жанкүйерлері үшін Орталық саябақ негізгі орынға айналып үлгерген. Сондықтан шахмат фигурасына осы орын таңдалып алынған.
Шахмат ойынынан Шымкентте жүлдегерлер аз емес. Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік, Гүлмира Дәулетова Шымкент қаласының тумасы. Сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент мектептерінде шахмат ойыны енгізілді. Өңірлерде шахматты көпшілікке айналдыру – бүкіл елдің шахматшыларының шығармашылық байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.