БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Пятница, 18 Февраль 2022 09:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1823 раз

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Балалар жылына» орай мектеп оқушылары арасында жыр-дастанды жатқа айтушылардың «Ақбозат» республикалық байқауын жариялап отыр.

Ерлік өнегесі, батырлық, елге, жерге сүйіспеншілік, ата-анаға деген қамқорлық осының бәрі Батырлар жырында бар.

Көне мұра саналатын «Ер Сайын» эпостық жыры мен қисса-дастандарын, қазынамызға айналған батырлар жырын оқыған өскелең ұрпақ ешқашан адаспайды.

Рухани құндылықтарға сусындаймын десеңіз біз сізді осы байқауда күтеміз!!!

304

 

Мектеп оқушылары арасында жыр-дастанды жатқа айтудан өтетін«Ақбозат» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. «Ақбозат» байқауы республика көлемінде өтеді.

1.2. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 6-10 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Әр мектептен кем дегенде 5 оқушы (6-шы сыныптан 1 оқушы, 7-ші сыныптан 1 оқушы, 8-ші сыныптан 1 оқушы, 9-шы сыныптан 1 оқушы, 10-шы сыныптан 1 оқушы) және оқушыларды дайындайтын 5 мұғалім қатысады (Әр мұғалім 1 оқушыдан артық дайындай алмайды).

1.3. Байқау қазақ халқының батырлық эпостарын жатқа айту бойынша өтеді. Байқау аясында қатысушыларға «Ер Сайын» жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіре білу керек.

1.4. Осы Ереже Байқау шаралары аяқталғанға дейін қолданыс күшін жоймайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;

- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу;

- балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;

- дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;

- өнерлі жастарды халық арасында таныту;

3. Ұйымдастыру комитетінің қызметі

3.1. Байқауды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы және «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері кіреді.

3.2. Ұйымдастыру комитеті өкілеттілігі:

- Байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді;

- Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткерлері мен ғалым-әдебиетшілерден тұратын Байқаудың қазылар алқасын бекітеді;

- Қазылар алқасының жұмысын үйлестіреді;

4. Байқауды өткізу кезеңдері, тәртібі мен шарттары:

4.1. Байқау 1 іріктеу, 1 ақтық кезеңнен тұрады:

- 1-ші іріктеу кезеңі 2022 жылғы 10ақпаннан онлайн форматта бастау алады;

- Республикалық ақтық кезең (алдын-ала хабарланады).

4.2. Республикалық І-іріктеу кезең. Жергілікті білім басқармасының өкілдері Ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 20 қарашаға дейін қатысушылардың тізімін (онлайн) береді және МР4 форматтағы видеоға түсіріліп, көрсетілген мекен жай бойынша жіберу қажет.

Тізімде келесі ақпарат көрсетілу керек.

Қатысушы мектеп оқушысы:

- қатысушының толық аты-жөні (қатысушының фотосы);

- елді мекен (облыс/қала/аудан/ауыл);

- мектебі, оқитын сыныбы;

- оқушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні;

- байланыс телефоны, e-mail.

Қатысушы мектеп оқушыларды дайындайтын мұғалімдер:

- мұғалімнің толық аты-жөні (мұғалімнің фотосы);

- елді мекен (облыс/қала/аудан/ауыл);

- мектебі;

- дайындаған оқушыларының аты-жөні;

- байланыс телефоны, e-mail.

Жоғарыда көрсетілген ақпарат Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберілуі қажет.

-Қатысушының жыр дастаны Shymkent.kuyrshak инстаграм,

Shymkent Кuyrshak фейсбук парақшаларында жарияланады.

4.3. Облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша І іріктеу кезеңі.

4.3.1. Облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы байқауға қатысушылар Марабай жырау нұсқасындағы «Ер Сайын» жырын жатқа айту бойынша жарысады. (Батырлар жыры 2-том, Алматы қаласы, «Жазушы» баспасы 2006 жыл, 86-131 беттер)

4.3.2. Кез келген аспаптың сүйемелдеуімен орындауға болады

4.3.3. Ақтық кезеңге өткен жеңімпаздарды сахнаға шығу реті жеребе арқылы алдын-ала анықталып, сахнаға екі қатысушыдан шығарылады. Қазылар алқасы жас жыршыны кез келген сәтте тоқтатқанда, келесі қатысушы жырды әрі қарай жалғастыра жөнелуге дайын болуы керек немесе қазылар алқасы жыр ішіндегі оқиғалар желісі бойынша жалғастыруды ұсынуға құқылы (талап еткен жағдайда сол жерден жалғастыруы тиіс);

4.3.4. Жырдағы тұрақты сөз тіркестерін, қанатты сөздерді, теңеулерді анықтап, мағынасын аша білу және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру.

5. Бағалау критерийлері:

5.1. Қатысушылардың өнері 10 баллдық жүйемен бағаланады.

5.2. Қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және артистік шеберлігіне назар аударылады, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, төгілтіп жырлауы ескеріледі. Жырды айту барысында қатысушы мүдірсе, не ұмытып қалса байқаудан шығарылады, ал жеңгені келесі кезеңге өтеді.

5.3. Қазылар алқасы оқушының білімін тексеру үшін қосымша сұрақтар қойып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

6. Қазылар алқасы туралы:

6.1. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.

6.2. Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды.

6.3. Қазылар алқасы қатысушылардың әрбір мүдіргенін қалт жібермей, белгілеп отыруы тиіс.

6.4. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады.

7. Марапаттау

7.1. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда ақтық кезеңге өткен жеңімпаздар (10 оқушы) республикалық байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алады.

7.2. Республикалық ақтық байқаудың ережесі, талаптары мен шарттары алғашқы іріктеу кезеңі аяқталған соң, жарияланатын болады. Ақтық кезеңге өткен қатысушылар ҚР тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін іс-шараға қатысып, жеңімпаздар анықталып іс-шара барысында марапатталады.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары келесідей ақшалай сыйақымен марапатталатын болады:

Оқушылар үшін:

І орын (біреу)

ІІ орын (біреу)

ІІІ орын (біреу)

Ұстаздар үшін:

І орын (біреу)

ІІ орын (біреу)

ІІІ орын (біреу)

Байқау Ережесіне өзгерістер енгізілсе қосымша хабарланады.

Ескерту: Байқау жеңімпаздарының келу-кету жол шығындары, жіберуші тараптан.

Жеңімпаздарды күтіп алу және қонақ үйге жайғастыру ұйымдастырушы мекеме тарапынан жүзеге асырылады

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Қазыбек би көш., 34.

Тел.: 8 702 767 94 97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.