Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

Пятница, 18 Февраль 2022 08:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2030 раз

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының (әрі қарай – Заң) 9-бабына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес құрамын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

 

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 29 адам, оның ішінде 9 адамнан артық емес – мемлекеттік органның өкілдері, 20 адамнан кем емес – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:
2022 жылдың 18 ақпан мен 4 наурызға (қоса алғанда) дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №8, индекс 1600024, «Әл-Фараби» кітапханасына (байланыс телефоны: +7 (7252) 24 74 82, +7 702 647 30 64,
8 702 199 19 39) сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) құжаттарды қолма-қол береді немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайына жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны
Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (№1 қосымшаға сәйкес);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (№2 қосымшаға сәйкес);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандитаттар Қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

«Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

302 Страница 1

302 Страница 2

300

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! »