ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ: науқанға дайындық пысықталды Избранное

Пятница, 25 Февраль 2022 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 785 раз

Шымкент қалалық әкімдігінде жастарты әскер қатарына шақыру мәселелері бойынша жиын өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен басқосуға жергілікті полиция департаментінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшілері, әскери комиссия және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

329

 

Күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды Қарулы күштер қатарында борышын өтеуге жұмылдыру мәселелері талқыланды. Жауапты мамандар әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастар баршылық екеніне тоқталды.
– Мұндай мәселеленің түйінін мәжбүрлеп шешуге болмайды. Жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге қызықтыру, әскер өмірдің өзіндік ерекшеліктері туралы көбірек насихаттауымыз керек. Осыған орай өз тараптарыңыздан ұсыныс беріңіздер, біз қарап, бірге әрекет етейік. Кейбір жастардың Қарулы күштер қатарына барғысы келмеуінің себебін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Осылайша, тиісті органдарға жастарды әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жиын соңында былтырғы әскерге шақыру науқаны кезінде еңбегі еленген мамандарға әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, қала әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаты табысталды. Олардың қатарында әскери комиссия мүшелері мен учаскелік инспекторлар да бар.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.