ТҰРҒЫНДАР МЕКТЕП ПЕН АУРУХАНА МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ Избранное

Пятница, 25 Февраль 2022 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 906 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті кездесуі Таскен және Мәртөбе тұрғын алаптарында өтті. Әкім елдімекен халқымен кездесу барысында олардың түйткілді мәселелерін тыңдады.

327

 

9 мыңнан астам халқы бар Таскен тұрғын алабы сапалы электр жарығымен толық қамтылған болса, табиғи газ және сапалы ауыз су 98 пайызға шешілген. Қамтылмаған бөлігі – жаңақұрылыс аумағы. 1500 гектар аумақты алып жатқан Мәртөбе ауыз су, газ, электр жарығымен жүз пайыз қамтылған. Мұнда 5 мыңнан астам тұрғын тұрады.
Таскендіктер Пәрмен көшесінің электр желілері мен бағаналары және трансформаторларының тозығы жеткенін, жаңақұрылыс аумағын инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз етуді айтса, Мәртөбе тұрғын алабының халқы суармалы жерлер мәселесі мен мектеп пен аурухана салып беру жайын көтерді.
Тұрғындардың өтінішін тыңдаған қала басшысы айтылған мәселелерді шешуге уақыт керек екенін, әсіресе әлеуметтік нысандарды салуға көп уақыт кететінін жеткізді. Мәселен, мектеп пен аурухана салу үшін салынатын орынды таңдау, оны дайындау, жобалау, ары қарай құрылысты жүргізу процесі бар.
Қала әкімі Пәрмен көшесінің электр желілері мен бағаналарын және трансформаторларын ауыстыруды «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-на тапсырса, салалық басқармаға жаңақұрылыс аумағын табиғи газ және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуді жүктеді. Ал, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына Мәртөбе тұрғын алабының суармалы жерлер көлемін есептеп, «Ақсу» МКК мекемесімен бірлесе отырып су лимитін көтеру керектігін айтты.
Кездесу соңында Мұрат Әйтенов, бұдан бөлек, елді мекендердегі көшелерге асфальт салу, жарықтандыру және спорт алаңшаларын салу жұмыстары кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселенің орындалуы жіті бақылауда болатынын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.