ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ Избранное

Среда, 02 Март 2022 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1229 раз

Шымкент қаласында «Ағаш отырғызу – экологияға өз үлесіңді қосу» атты жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық жұмысына қала тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Олар көп қабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстарын жүргізді.

353

 

Жалпы қалалық сенбілікке 30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Вuild Stroud» мекемесінің қызметкерлері және Қазығұрт шағынауданының тұрғындары бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау және толықтыру мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында 4000 дана ағаш көшеті отырғызылды және аумақтағы күл-қоқыс тазартылды.
Ол жұмыстарға 300 адам жұмылдырылып, 24 техника тартылды.
Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағына аталған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен 2000 түп қылқан жапырақты боз арша ағашы егілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.