150-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КЕЛДІ Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1043 раз

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте қала әкімінің шешімімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күндері» басталған болатын.

414

 

Кеше қала әкімі Мұрат Әйтенов, жеке мәселелері бойынша 150-ден астам қала тұрғынын қабылдады. Іс-шараға қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, аялдама, қоғамдық көлік мәселесі, жерін заңдастыру, жолды асфальттау, жарықтандыру тақырыптарын қозғады. Қала әкімі әрбірін мұқият тыңдап, шешім барысын түсіндірді. Ашық диалог форматында айтылған әрбір өтініш пен шағым бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Азаматтар арасында өтініш білдірушілермен қатар, шешімін тапқан мәселе бойынша алғысын айта келгендер де болды. Бірыңғай қоғамдық қабылдау жүйелі түрде
жалғасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.