ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ Избранное

Среда, 16 Март 2022 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 810 раз

Абай ауданына қарасты Агрофирма-Қарасу шағынауданы 125 гектар аумақты алып жатыр. Онда мыңнан аса тұрғын қоныстанған.

515

 

Мұнда балаларға арналған 1 спорт алаңшасы бар. Бүгінде шағынаудан тұрғындарын мектеп мәселесі алаңдатады. Бұл мақсатта 1,5 га жер телімі анықталып, «Shymkent» ӘКК АҚ тарапынан инвестор іздестірілуде.
Шағынаудан жекеменшік электр жарығымен толық қамтылған. Мемлекеттік бағаналар орнату мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Ауыз сумен толық қамтылып, 65 үй жекеменшік табиғи газ желісіне қосылды. Мемлекеттік көгілдір отынмен қамту үшін биыл ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Интернет желісімен қамту мақсатында Құрсай шағынауданында биіктігі 15 метрлік мұнара орнатылып, байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. Елдімекенде 1 асфальт жол, 10 тас жол, 1 топырақ жол бар. Топырақ жол мәселесі биыл шешіледі. 2021 жылы Ақүйік, Ақшат, Көксәйек, Кеңестөбе, Ақбастөбе, Шарбұлақ, Аққанбұлақ,
Ақтекше, Аққия көшелеріне шағал тас төселді. 2022 жылы Ақбұлым көшесіне шағал тас төселеді.
Өткен жылы 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілсе, биыл тағы бір балалар алаңшасы салынбақ. Тұрғындарға №96 бағыттағы автобус қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдаудың кешенді сызбасына сәйкес ол көлік Аэровокзал – Сауле шағынауданы аралығында қатынайды. Бұған қоса былтыр Сарытау көшесі жарықтандырылған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.