400 -ге жуық тұрғынға ақпарат берілді Избранное

Пятница, 01 Апрель 2022 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 939 раз

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Авто-нұр» базарында «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

81

 

Іс-шара жұмыссыз жүрген жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Жастарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орны бағдарламалары түсіндіріліп, жұмыссыз жастардың санын азайту жөнінде кеңес берілді.
Жәрмеңке барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары базарға келуші жастар мен қала тұрғындарына бос жұмыс орындары бойынша толыққанды ақпараттар беріп, жұмыс іздеп келген жастар өздерінің сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде 400-ге жуық тұрғын ақпарат алып, оның ішінде 60-қа жуық тұрғын қызығушылық танытты. Олардың қатарында 7 – жас, орта жастағы 20 қала тұрғыны бар. Өзгелері мемлекеттік гранттар бойынша Абай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығына жіберілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.