Өткенді білу – өскеннің белгісі Избранное

Пятница, 01 Апрель 2022 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1126 раз

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы – Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында қоғамымыз өзінің өткені мен бүгіні, келешегі туралы сауатты ой пайымдап, тарихымызды жаңғыртып, рухани мұраларымызға айырықша көңіл бөліп келеді. Бұның аясында көптеген жұмыс атқарылып, тарихымыз тереңінен зерттелуде.

82

 

Кеңес Одағының кезеңі және Тәуелсіздік алған жылдардан бері елдің дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтар көп. Олар әр сала бойынша аянбай еңбек етті. Соның ішінде «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие азаматтардың барлығы мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлестері бар, әр сала бойынша толағай табыстарға жеткен. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві Үкімет қаулысымен (2019 жылдың 20 желтоқсандағы № 953 қаулысы) бекітілген «Архив - 2025» кешенді жоспарына сәйкес, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, үшінші мегаполистің дамуына, өркендеуіне ерекше маңызды үлесін қосқан, ел игілігі үшін жасаған еңбектерімен үлкен жетістіктерге жеткен, халықтың құрметіне бөленген әр саладағы үздіктер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дара тұлғаларға зерделеу жүргізілді. Бұл тізімде 145 адам бар. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болғаны туралы 1967 жылдан 2021 жылға дейінгі мәліметтер «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» ММ, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ, «Түркістан облысының мемлекеттік архиві», «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архивтерінен» алынып, архивтік құжаттар негізінде жинақ жарыққа шықты.
«Шымкент қаласының Құрметті азаматы» деп аталатын бұл жинақта әрбір азаматтың аты-жөні, өмірбаяны, еңбек жолы, наградалары мен марапаттаулары туралы нақты деректер келтірген.
Міне, осындай азаматтардың елдің дамуына қосқан үлестерін бағалау, еңбектерін елеп, тізімдерін жасау және көпшілік оқырмандарға, болашақ ұрпаққа рухани қазына, тарихи мұра ретінде насихаттау – аса маңызды мәселе. Келешек ұрпақ мықты және рухты болуы үшін тарихын білгені дұрыс. Жалпы, елдікті нығайтып, жастарды отаншылдық және патриотизмге тәрбиелеуде осындай азаматтардың еңбек жолы үлгі болары хақ.

А.СЕЙТАЕВА,
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.