Ынтымақ түбі – игілік Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 03:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 949 раз

Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Наурыз мерекесін атап өтті. Мекерелік іс-шараға басшылар мен жеке құрам, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

151

 

«Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Еркін Мұратбекұлы мен құрметті ардагер, Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқап Жақсылықұлы басқарма басшылары мен жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиын барысында әр саптық бөлімше «Мәдени мұралар» көрмесін әзірлеп, өздері пісірген ұлттық тағам түрлерін көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы мен өткізу дәстүрі туралы баяндама оқылды. Бөлімше қызметкерлері өзара қол күрес пен кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен жарыс өткізіп, жеңіске жеткен қызметкерлер алғыс хаттарымен марапатталды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.