Жарықтандыру бір орталықтан басқарылады Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 615 раз

Шымкент қаласының инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелері толықтай автоматтандырылады.

157

 

Бекітілген жоспар бойынша, бүгінде арнайы диспетчерлік орталық құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы
Б.Булатбеков орталыққа барып, жұмыс барысын пысықтады.
Аталған диспетчерлік орталық 2022 жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастайды.
Нақтырақ айта кетсек, диспетчерлік орталық арқылы жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылады. Яғни, күйген жарық шамдар кері сигнал арқылы автоматты түрде көрсетіліп, түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулағанда шамдардың жарық беру пайызы автоматты түрде төмендетіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.