Қызғалдақтар құлпырып тұр... Избранное

Пятница, 15 Апрель 2022 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1270 раз

Шымкентте күн жылынысымен қызғалдақтар бой көтеріп, жайқалып шыға келеді. Күннің көзін сүйетін әсем гүлдер бүгінде қаланың көркіне көрік қосып тұр. Шымқаланың әр бөлігіне егілген қызғалдақтар ерекше күтімді қажет етеді.

29

 

Мамандардың айтуынша, бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұратын қызғалдақтардың орнына жазға қарай басқа гүлдер егіледі. Қаланың символы іспеттес алқызыл гүлдерді коммуналдық қызмет мамандары қаңтар айында еккен.
Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып есептеледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.