12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН Избранное

Среда, 20 Апрель 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 954 раз

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 11-15 аралығында 11919 өтінім келіп түскен. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.

50

 

Оның ішінде: 1 бөлмелі пәтерге – 3324 өтінім, 2 бөлмеге - 4592 өтінім, 3 бөлмеге - 4003 өтініш берілген. Бүгінгі таңда аталған өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде.
Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарма теңгеріміне қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады. Shymkent-baspana.kz порталы толығымен автоматтандырылғандықтан азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде жүзеге асырады. Бұл жағдайға ешқандай адами фактор әсер ете алмайды.
Аталған конкурстан өткен азаматтармен бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқарады. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.