АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 810 раз

Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Талғат БИГЕЛДИНОВТІҢ 100 жылдығына көрме ұйымдастырды.

89

 

Көрмеге колледж студенттерінің 84 жұмысы қойылған. Олар – кескіндеме, акварель, сурет, коллаж, компьютерлік графика, гобелен арқылы жасалған өнер туындылары. Талатты жастар негізінен портреттер мен тақырыптық композициялар бойынша туындыларын көрмеге ұсынған.
– Талғат Бигелдинов ел басына күн туған қиын шақта Отанды сүюдің, ерлік пен әскери шеберліктің таңғажайып үлгісін көрсете білді, сол арқылы өзін де, халқымызды да өшпес даңққа бөледі. Батыр бабамызды ұлықтау – ұрпақтың парызы. Шәкірттеріміз коллаж техникасы бойынша жұмыстар дайындады. Дарынды жастарымыз коллажды әртүрлі дереккөздерден – фотосуреттерден, картиналардан, газеттерден және басқа да баспа материалдарынан материал жинап, басып шығарды, кейбір бөлшектерді өздері сызды. Содан кейін олар осының бәрінен ортақ ойлы композициялар жасады, – деп атап өтті колледждің «Сызу және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Қарлығаш
Қансейіт.
Іс-шараны үйымдастырушылар бұл көрме студенттердің батыр бабамыздың өмірі мен ерліктерін зерделеуге деген қызығушылықтарын оятады, оған арналған шығармалар жасауға шабыттандырады деп сенеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.