ГАЗДАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ! Избранное

Среда, 04 Май 2022 03:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 824 раз

Қаратау ауданы әкімдігі мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері, Қаратау ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері Достық
шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, газдан уланудың қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірді.

163

 

Жиында тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы заңнамаларға түсіндірме, жауапкершіліктер, үй ішілік техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелермен келісімшарттарға тұру туралы айтылып, тұрғындарға жадынамалар табысталды.
Мамандар газдан уланудың алдын алу қауіпсіздігі бойынша мына негізгі талаптарды сақтауға шақырады.
- Тек жарамды газ жабдықтарын қолдану;
- Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін мұржаларын уақтылы тазалау;
- Өз бетінше газ жабдықтарын қосуға, құруға және орын ауыстыруға тыйым салынады және ол жұмыстарды тек тиісті мамандар жүргізуі қажет;
- Түтін мұржаларын дер кезінде тазалау, үнемі жарамды жағдайда
болуы тиіс;
- техникалық қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған ұйыммен келісімшарт жасаңыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.