ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ Избранное

Среда, 08 Июнь 2022 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 699 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А-2 автомобиль жолы мен Өтегенов көшесі жалғасының құрылыс жұмыстарын саралап қайтты.

554

 

А-2 автомобиль жолында қазір құрылыстың ІІ кезеңі жүруде. Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды. Жоба бойынша ені 30 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар қойылады. Қазіргі таңда сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары мен Барыс базары маңында сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалуда.
Ал А-2 жолының IV кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жолдың ұзындығы 1,86 шақырым. Бүгінде құрылыстың 40 % орындалған. Қазіргі уақытта жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмысы жүруде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған.
Шаһар басшысы Өтегенов көшесі жалғасының құрылыс басында болды.
Көшенің І кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.
Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңнің де құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылы падалануға беру жоспарланған.
Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.