Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 986 раз

Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері Шымкентте бас қосты. Олар Германиямен қоса Польшада әскери борышын өтеген. Ардагерлер Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, кешенмен танысты, өзара әңгіме-дүкен құрды.

715

 

– Біз Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлеріміз. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Батыс елдерінде әскери борышымызды өтедік. Бас қосудағы мақсатымыз – Ұлы Отан соғысындағы батыр аталарымыздың рухын ардақтау. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру. Осы бағытта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында тиісті тәрбие жұмыстарын атқарып келеміз. Ал бүгін Шымкент қалалық және Түркістан облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері жаппай танысып, пікір алмасуға келдік, – дейді Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобы ардагерлерінің Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Үсенбатыр Арзықұлов.
Ардагерлердің айтуынша, қоғамдық ұйымның құрылғанына 8 ай болды. Алдағы уақытта жыл сайын 9 маусым күні бас қосып, даталы күнді атап өтпек. 1945 жылы 9 маусым күні маршал Жуковтың бұйрығымен Германия жеріндегі Кеңес әскерінің тобы құрылған.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.