ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 961 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының алдағы қыс маусымына жылу беру жұмысының дайындық есебін тыңдады.

720

 

Қалада 2022-2023 жылдың жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі.
Жылу жүйелерінің тоз деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйені ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Қаладағы 15 жылу қазандықтың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7-еуі қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.