Қазақстандықтар 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам. Алайда дауыс беру науқанын сағат таңғы 06:00-де бастауға болады, алайда оны кешкі сағат сегізден кешіктіруге болмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін 20 қараша күні Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолаушылар тегін жүреді.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында өткен «Жайдарман» ойыны мәресіне жетті.
Биыл Шымкенттің күзі жауын-шашынды келді. Толассыз жауған жаңбырлы күндері тазалыққа жауапты мекемелердің қызметкерлері тәулік бойына қызметін жалғастырды. Ауа райының осындай қолайсыздықтарына қарамастан Еңбекші және Қаратау аудандарының тазалығына жауапты «Жасыл жер» мекемесінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті жүйелі атқарып келеді.
Шымкентте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер мен жастар арасында кездесулер өтіп жатыр. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кезекті басқосу Болашақ колледжінде жалғасты. Кездесуге психолог Жанат Атаева, колледж психологы – Қарашаш Абенова, Жастар ресурстық орталығының психологтары – Жібек Сайдахан, Айда Қалдыбай қатысты. Кәсіби…
Еңбекші ауданына қарасты Оңтүстік жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы аяқталды. Жобаға сәйкес сапалы электр қуатымен қамтылатын барлығы 933 үй болса, бүгінде аталған аумақта тұратын үй саны 20-ға таяу.
Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шымкент» халықаралық сауда орталығының таныстырылымы өтті. Айтулы шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, сөз сөйледі.
«БАЛАҒА МЕКТЕП ЕМЕС, ЕҢ АЛДЫМЕН АТА-АНА ЖАУАПТЫ»
Среда, 16 Ноябрь 2022 04:43 Автор Алдабергенова Замира
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан төрағалық етті.
Шымкент қаласында 2022 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 599 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке құрылысшылармен салынғаны 329,6 мың шаршы метрді құрады.
Шымкенттік талантты жандар Шахзод Бабаханов пен Диербек Октамов биылғы өткен «Ұлт үні» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Биылғы сайыстың ақтық сынында 9 үміткер бақ сынады.