Шымкентте биыл 15 шағынауданды сапалы интернетпен қамту үшін мобильді операторлардың базалық станциясын орнату жұмысы жоспарланған.
Шымкентте 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалды. Бұл туралы Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.
Үшінші мегаполисте жалпы құрылыс қызу жүруде. Соның ішінде әлеуметтік нысандардың да үлесі аз емес. Атап айтқанда, биыл қалалық құрылыс басқармасы тарапынан 23 әлеуметтік нысан салынуда.
Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салаларында тұрақты өсіп жатыр. Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясында 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы депутаттарға есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Үшінші мегаполистің жаңа бас жоспары 2023 жылдың көктемінде толық дайын болуы тиіс. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып қалды. 116 280 гектар үлкен аумаққа заманауи топографиялық карта жасалып, 25 қабаттан тұратын векторлық форматқа түсірілді. Онда үйлер, жол желісі, абаттандыру және т.б. көптеген сала қамтылған.
Жыл басынан бері шаһарда 834 отбасы, 1182 адам қандас мәртебесін алды. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия және Ресей елінен келгендер.
Келер жылдың басында Tolem картасының білезік түріндегі баламасы ұсынылмақ. Tolem карталарымен қатар жүретін бұл білезіктің алғашқы 5000 данасы 2023 жылдың қаңтар айында сатылымға шығады. Ескеретін жәйт, бұл бұйым арнайы оқушылар үшін өндіріліп отыр.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы құрылысының бесінші кезеңімен танысып, жұмыс барысын тексерді. Құрылыс жұмысы Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғасының VІ кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды.
Шымкентте 2023 жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында жасаған есебінде айтты.
Шымкентте жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасы жақсарып келеді. Автобустар 100 пайыз электронды билет жүйесіне өтіп, қоғамдық көлік бағыттары жаңа автобустармен толығып жатыр. Ендігі реформа – кондукторсыз қызмет көрсету жүйесіне көшу. Қазіргі таңда қаламыздағы «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 маршрут пилоттық режимде кондукторсыз қызмет көрсетіп жүр. Саладағы…