Шымкент қаласында мәдениет мекемелерін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекенінің тұрғындары мәдениет үйінің тозығы жеткенін, оны қайта жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша зерделеуді тапсырған еді.
Автобустар кешікпей қатынайды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын халықпен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап келеді. Есеп беру кездесулерінде қозғалған барлық мәселе бақылауға алынып, мүмкіндігінше жедел түрде шешіліп жатыр.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында шаһарға Литвадан бір топ дәрігер келді. Тәжірибе алмасу барысында медицина мамандары қалалық перинаталдық орталық базасында кәсіби біліктілік шыңдады.
«Мемлекет іргесінің берік болуы — батыл да айбатты, ержүрек жауынгерлердің қолында». Тарихи өлкетану мұражайында өткен «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық іс-шарада ҚР Қарулы Күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Онбаев осылай деді. Ерлік сабағына «Жас сарбаздар» кадет мектебінен 60-қа жуық оқушы қатысты.
Шымкентте апта жаңбырлы басталды. Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері мен аулаларды су басып жатыр. Дегенмен, жаңбыр суын тазарту жұмыстары жауапты мекемелер тарапынан дер кезінде жүргізілуде.
Достық шағынауданында 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды. «Жан-Нұр» жалпы білім беру мектебінің ашылуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов пен Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласының ақпарат орталығы (call-center) ашылды.
Шымкент қалалық өзбек драма театры Самарқан қаласынан гастрольдік сапардан оралды. Бұл сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға бағытталған екіжақты келісім негізінде жүзеге асты. Екі ел арасындағы келісім мен дипломатиялық меморандум аясында 26 қазан күні Шымкент…
Қалада «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жыл басынан бері 14 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда орталықтың 2 бөлімшесі бар. Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат, ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15…
Биыл оныншы рет өткен «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты жағдайда табыстады. — Республикалық маңызға ие шаһардың көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз.…