Шымкентте 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық форум өтті. Айтулы іс-шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Форумда басқарма басшысы сөз сөйлеп, көпшілікті Республика күні мерекесімен құттықтады.
Шымкенттегі шалғай аудандарға инфрақұрылым жеткізіліп, орталықтан алыс орналасқан елдімекен тұрғындары коммуналды қажеттіліктерге қол жеткізіп келеді. Жуырда кезекті екі тұрғын алабына жарық пен табиғи газ жеткізілді. Абай ауданына қарасты нысандарды қала әкімі Мұрат Әйтенов жауапты мамандармен бірге аралады.
Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы мен гала-концерті өтті. Республикалық форум жыл сайын балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Әскери–патриоттық тәрбие — жас сарбаздардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал етеді. Отанды қорғау үшін еліміздің барлық ер азаматы атыс қаруының түрлерін және әскери техниканы меңгеруі міндетті.
"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент қаласы бойынша  филиалы  Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Егемен еліміз гүлдене берсін!

Пятница, 21 Октябрь 2022 05:27 Автор
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Республика күні – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Баршаңызға белгілі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанда мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күн…

ЖОЛАЙЫРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Пятница, 21 Октябрь 2022 05:26 Автор
Мегаполис көшелерінде көлік кептелісін азайту мақсатында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы күн санап арта түсуде. Қаладағы жолайырық жұмыстарының барысын көрген шаһар басшысы М.Әйтенов Бәйдібек би-Арғынбеков жолайырығының көлік қозғалысын реттеудегі маңыздылығын атап, құрылыс жұмыстары сапасын тексерді.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті іс-шараны 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырды.
Шымкент қаласында «Мизам – береке мен бірлік мерекесі» атты «Bereke – fest» этнофестивалі ұйымдастырылды. Алтын күз мерекесіне арналған іс-шара қаланың әлеуеті мен агроөнеркәсібіндегі жетістіктерді насихаттау, ұлттық жәрмеңке думанын қайта жаңғыртуды мақсат еткен.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары экскурсияға шықты. Оларды қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандарымен таныстырып, арнайы қызметтер ұсынылды. Іс-шараға 30-ға жуық ерекше жас тартылды.