Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев №106 мектеп мұғалімдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады.

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Среда, 12 Октябрь 2022 05:40 Автор
Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мегаполистегі кәсіпорындарды аралады. Қоғам қайраткерлері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Әлем-БТ" кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар туралы пікір алмасты.

ДӘНЕКЕР

Среда, 12 Октябрь 2022 05:39 Автор
Әділетті Қазақстанда әр азаматтың өтініш-тілегі тыңдалады. Оның ішінде кәсіпкерлер мен қаржы ұйымдары арасындағы байланысқа баса назар аударылады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Шымкент қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Достық үйі» ғимаратында жиын өтті. Оған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, Икрамжан Хашимжанов, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев, «Оқушылар сарайы» мекемесінің директоры Бақытжан Мұстафаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Университеттердің білім беру бағдарламаларында STEM пәндерін ілгерілету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев жүргізіп отырды.
Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің шаһардағы еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасуда. Ақпарат-насихат тобының өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux shoes» кәсіпорнының жұмысшыларымен жүздесіп, Президент Жолдауындағы оң өзгерістерді кеңінен тарқатып айтты.

«Мен елімді сүйемін»

Среда, 12 Октябрь 2022 05:18 Автор
Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары «Мен елімді сүйемін» акциясын өткізді. Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті. • Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның…
Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары "Мен елімді сүйемін" акциясын өткізді. Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты. Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.…
Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараны «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды. Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа…