«Мен елімді сүйемін» Избранное

Среда, 12 Октябрь 2022 05:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 522 раз

Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары «Мен елімді сүйемін» акциясын өткізді. Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.

401

 

Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдауды жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.
– Ел жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!, – деді Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.
Қалалық Жастар ресурстық орталығы Жолдауды жүзеге асыруда ЖОО студенттеріне арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.