Абай ауданының жастары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы бастамалар туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов «Парасат» орденімен наградталды.
Үшінші мегаполисте көпфункциялы «Shymkent Tower» кешенінің жобасы бастау алды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығы құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Бұл жобаның негізгі инвесторы – «САУТС-Ойл» компаниясы, ал құрылысын салушы – бас мердігер «Koç Construction».
ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Среда, 28 Сентябрь 2022 04:42 Автор Нұрлан БЕКТАЕВ
Шымкент қаласының жедел жәрдем дәрігерлері Қазақстан бойынша ең үздік атанды. Үшінші мегаполистегі жедел жәрдем станциясының командасы жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық сайысында біліктіліктерін дәлелдеп, жеңімпаз болып отыр.
оның сақталуына әр тұрғын мүдделі болуы тиіс «Тазалық – саулық кепілі» деген сөз ешқашан өзектілігін жоймақ емес. Әсіресе, қазіргідей адамзаттың тұтынушылық деңгейі артып, тұрмыстық қалдығы көбейіп тұрған заманда өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның, елді мекеннің тазалығын сақтауға әрбіріміз мүдделі болуымыз керек. Олай болса, Шымкент қаласының…
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, елді мекенде жаңартылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді.
Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің қаладағы шалғай шағынаудандарды аралауы жалғасуда. Бұл жолы әкім Еңбекші ауданына қарасты Маятас тұрғын алабында болып, тұрғындармен жүздесті.
Шымкент қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастырумен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтті.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында арнайы «Ашық есік» күні өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен қолға алынған арнайы іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылды.
24-25 қыркүйек аралығында «BAQYT» сауда алаңында «Shymkent Urban Farm Festival» атты бірінші қалалық фермерлік фестиваль өтеді.