Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл арнайы жұмыс сапарымен келді. Ректор, ең алдымен, Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласындағы филиалында болып, мұндағы жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызмет мұражайының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

20 МЫҢНАН АСА АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:15 Автор
Қалада күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылмақ. Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса көшет егілген.

МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТАДЫ

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:14 Автор
ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:11 Автор
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге шаһардың су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді.

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:52 Автор
«Ордабасы» футбол орталығының жаңарған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жаңа нысанның тұсауын кесіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағында болып, өнеркәсіптік аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет», – деген болатын. Президенттің тапсырмасы аясында биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі…

Қазандықтар қысқа дайын

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:45 Автор
Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылым басқармасы БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, қаладағы жылу қазандықтарының жай-күйімен таныстырды.