Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар мәселе қаралды. Жиында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов аудандағы мәселелер мен 2024 жылдың соңына дейінгі даму жоспарлары жайында баяндады. Ал, «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Данияр Ахметжанов 2024 жылға арналған тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялау жобаларын жоспарлау және іске…

ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ

Среда, 10 Январь 2024 04:02 Автор
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Тұран шағынауданында салынып жатқан «Оқушылар сарайының» құрылыс жұмысымен танысты.
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы жаңа жануарлармен толықты. Өткен жылдың 28 қазанында үш абдан өмірге келді. Арыстандар Симба мен Танудың төлдері күн сайын салмақ қосып келеді. Тану өз төлдеріне ерекше мейірім көрсетіп, өсіруде. Бүгінгі таңда абдандар жазғы вольерге өз беттерімен шыға алады.

70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Пятница, 05 Январь 2024 05:34 Автор
Бүгінде Қаратау ауданы аумағындағы 631 шақырымды құрайтын 595 көшенің 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымына топырақ төселген. Былтыр 50 шақырымдық 70 көшеге асфальт төсеу жұмысы жүргізілді. Ал, 33 шақырым 41 көше шағал таспен көмкерілді.
Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалын республикалық маңызы бар қала – Шымкентке арнады. Қала тұрғындары үшін 2023 жылдың ең жақсы жаңалығы, әрине, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа…
«Цирк» дегенде ең алдымен көз алдымызға балалықтың бал дәурені келеді. Әуені бағындырған акробаттар, күлкі сыйлайтын сайқымазақтар, жан-жануарлардың тілін тапқан бапкерлер, ат құлағында ойнайтын шабандоздардың дайындаған көріністердің арғы жағында қаншалықты қауіп-қатердің жатқанын көп адам біле бермейді. Үшінші мегаполистің мәдени өмірінде айшықты орны бар «Шымкент-Цирк» мекемесінің әртістері…

458 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

Четверг, 21 Декабрь 2023 10:37 Автор
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нарықтан сатып алуға қарастырылған тұрғын үй кешендерінің сапасын тексерді. Бұл үйлер жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға үлестіріледі.
Шымкент қаласы әкімінің «Жыл көшбасшылары — 2023» премиясының иегерлері марапатталды. Жыл үздігі деп танылған жас мамандарды Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков марапаттады.
Бала – бақыт, бала – базар, бала – өмір. Бұл нәзік те кінәз өмір гүлінің дәні қандай топыраққа түсіп, қалай өсіп-өнері оны қалай суарып, күтіп-баптағаныңа байланысты. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады» дейді ұлт жанашыры, ақиық ақын Мұхтар Шаханов. Ал, ақын…
Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі. Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станция орнатылыпты. Бұл жайында қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов баспасөз турында айтты.