Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын судан аман отырған облыс және қала әкімдеріне аймақтарды көгалдандыру бойынша тапсырмалар берген болатын.
Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды. Биыл көктемгі науқанда 948 азаматты әскер қатарына жіберу көзделген. ҚР Қарулы Күштерінің десанттық шабуылдау әскерлеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті.
Шымкент қаласындағы жаңа ипподромда «Теңге ілу» ұлттық спорт түрінен II Азия Кубогы бәсекесі өтті. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған халықаралық жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолиядан және еліміздің өңірлерінен келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынады.
Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн түп дана қызғалдақ егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды.
Шымкентте дәстүрге айналған «NAURYZ RUN» 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру сайысы өтті. 18-29, 30-39, 40-49, 50+ категориялары бойынша әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттады.
Қаладағы Арбатта медицина қызметкерлері мен жастар «Денсаулық күнін» атап өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми конференция аясында «SCIENCE KIDS – ғылымдағы балалар» атты көрме өтіп жатыр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Жиында қаладағы волонтерлік ұйымдардың дамуы, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелер талқыға түсті.
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығынан Ақтөбе облысына екі жүк көлігімен гуманитарлық көмек жолданды. Жүк көлігіне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті азық-түліктер, киім-кешектер, санитарлық тұтыну құралдары, көрпе-төсек, жамылғылар тиелді. Акцияға қала жастары, кәсіпкерлер, тұрғындар қолда барымен бөлісіп атсалысуда.