Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан 28 наурызда қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты.
Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады. Көрме орталығында мереке күткен мына әлемнің пәк жаратылысы мен ерекше баласына ерекше күтім жасап, шаршамаған ата-аналардың қарасы көп болды.
Шымкентте 1 сәуірден бастап 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталады. Күн райының жылынуына байланысты тұрғын үйлердің жылыту батареяларының температурасы төмендетіліп отыр. Ал, 1 сәуірде толығымен жылу беру тоқтатылады. Күзгі суықтың ерте түсуіне байланысты мегаполисте жылу маусымы ертерек, 2023 жылдың 20 қазанында басталған болатын.
Мемлекет басшысының баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен ауызашар өтті.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және Жастар ресурстық орталығы, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлерінен құралған ақпараттық-насихаттық топ Мирас университетінің студенттерімен кездесті.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында қоғамдық кеңес пен құқықтық органдар арасындағы меморандум аясында өткізілетін іс-шара жоспарлары талқыға түсті. Қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бірлескен келісім бойынша атқарылар жұмыстардың маңызы зор екенін мәлімдеді.
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілттерін табыс етті.
Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Осының салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Рамазан айының құрметіне орай қаламызда әлеуметтік осал топтар тізімінде тұрған жандар, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға азық-түлік қоржыны таратылды. 21 наурыз күні қаладағы мешіттерде жалпы саны 800-дей мұқтаж жанға көмек көрсетілді. «Ақмешіт» орталық мешітінде 100-ге жуық адамға қоржындар табысталды.