Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясына Шымкенттегі Ассамблея мүшелері онлайн режимде қатысты.
Ойын алаңшаларын сырлады Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының үшінші — «Жасыл аймақ» апталығы қарқынды жұмыстармен жалғасын тапты. Қаратау ауданына қарасты «Тұран-1» шағынауданында өткен акцияға Жастар ресурстық орталығының жастары, Шымкент қалалық опера және балет театрының қызметкерлері, Қаратау аудандық коммуналдық мекемесі, тұрғындар, мектеп оқушылары атсалысып, жалпы 100-…
Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық сенбіліктер өткізу жөніндегі тапсырмасы байтақ елімізде кеңінен қолдау табуда. «Көктем Оңтүстіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Биылғы ауа райының қарлы-жаңбырлы болуына байланысты көктем өңірімізге кешігіп келді. Шырайлы Шымқаламызды шын мәніндегі жасыл қалаға айналдыру жөнінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары алаңдардан бастап…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Спорт шағынауданынан дендросаябаққа дейінгі аралықтағы балалар теміржолының қазіргі жағдайымен танысты. Бұған дейін жергілікті халық бұл нысанның жылдар бойы тоқтап қалу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Ескере кететіні, бүгінде тар табанды темір жол желісін қайта құру қыруар қаражатты қажет етеді.Себебі, қазір…
Шымкентте мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың сапасын арттыру мақсатында Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйым ұстаздарына арналған өңірлік семинар өтті. Семинар мектепке дейінгі ұйымдардағы мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтардың озат іс-тәжірибелерін тарату, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы барлық көрсеткіш бойынша өсім болған. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат МЕКАМБАЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.
Шымкент қаласында алдағы уақытта қоқыс полигоны аумағынан қоқысты қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталмақ. Қазіргі таңда шетелдік инвесторлар ұсыныс білдіруде. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Театр киім ілгіштен басталады» деген Станиславскийдің сөзі бар. «Отан - отбасыңнан басталады» деген қанатты сөзден туған нобай ғой. Отан - ел, жер, мықты, қуатты мемлекет. Ол тек экономикалық, саяси жағынан ғана емес барлық жағынан мықты болмаққа керек.