АЛҒАШҚЫ «АҚЫЛДЫ» АЯЛДАМА
Пятница, 21 Май 2021 04:32Шымкенттегі Теріскей шағынауданында алғашқы «ақылды» аялдама іске қосылады. Қалалық цифрландыру басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл – пилотты жоба.
Бірқатар көшелер жабылды
Среда, 19 Май 2021 04:09Үшінші мегаполистегі ең ірі жолдың бірі – Қонаев даңғылын ұзарту құрылысы жалғасуда. 17 мамырдан бастап құрылыстың ІІ кезеңінің жұмыстарына байланысты Әйтеке би көшесінің бір бөлігі жабылды. Амангелді көшесінен Володарский көшесіне дейінгі бөлігіндегі көлік қозғалысына шектеу қойылды.
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ – БАСПАНА АЛУҒА КӨМЕК
Среда, 19 Май 2021 03:56Елімізде азаматтарды баспанамен қамтудың мемлекеттік саясаты іске асырылып келеді. Оның негізгі бағыты – тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган тарапынан әлеуметтік әлсіз отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Биыл Шымкентте 300 азаматқа осындай сертификаттар берілмек. Қалалық тұрғын үй басқармасының жоспары осындай. Жалпы, сертификат кімдерге беріледі? Оны алудың шарттары қандай? Бұл туралы басқарма басшысы Азамат РЫСЖАНОВ айтып берді.
Гранттан басталған кәсіп
Среда, 12 Май 2021 05:31Елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы басталғалы кәсіпкерлікке бет бұрушылардың қатары артқан. Солардың бірі шымкенттік Балзия Үсербаева бағдарламаның шарапатын көріп отыр.
АӘК: онлайн рәсімдеушілер көбейді
Среда, 12 Май 2021 05:281 сәуірден бастап мемлекет тарапынан көмек алуға құқылы отбасылардың өтініштері электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда. Ол үшін аз қамтылған азаматтар мен көп балалы отбасылардан өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек. Өтінімдер тексеріліп, әлеуметтік әлсіз топқа жататыны дәлелденсе, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Мектепке батырдың есімі берілді
Среда, 12 Май 2021 05:24Үшінші мегаполистегі №53 мектеп енді генерал Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Салтанатты іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті.
«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
Пятница, 30 Апрель 2021 04:491 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Елдегі ынтымақтастық пен татулық, бірліктің мерекесі. Осынау қастерлі құндылыққа үлес қосып жүргендер қатарында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы түрлі этномәдени бірлестіктер де бар. Бұл бірлестіктердің жұмысын «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырады. Бір шаңырақ астына бірігіп, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық жолында жүрген жандардың жұмысы туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол БАЙҚОНАҚОВ айтып берді.
Мемлекеттің қолдауы мен көмегі көп
Среда, 28 Апрель 2021 06:52Көп балалы ана «Бизнес-бастаумен» кәсіп ашты
Үшінші мегаполистің тұрғыны Гүлферуза Мелдебекова қыз жасауына қажет дүниелерді тігумен айналысады. Жастайынан көрпе-төсек тігіп өскен ол бұған дейін басқа кәсіпкерлердің қарамағында жұмыс істеп келгенін айтады. Енді, міне, қайтарымсыз грант алып, былтырдан бері өз ісін дөңгелетіп отыр.
Көп балалы ана кәсіпкер боламын деген арманына мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізді. Қолөнерге деген құлшынысы жоғары жанның 7 баласының үшеуі мектеп жасында. Оларды қыз жасауына қажет дүниелерді тігу арқылы жетілдіріп отыр.
– «Бизнес Бастау» бағдарламасына қатысып, кәсіпкерлік негіздерінің курсын оқыдым. Оқуым аяқталған соң сертификат алып, бизнес жоспарымды құрдым. Сөйтіп, комиссияның іріктеуінен өтіп, 505 мың теңге грант алдым. Ол қаржыға өзім қызығып жүрген заманауи тігін машиналарын сатып алып, жеке цехымда жұмысымды бастап кеттім, – дейді Гүлферуза Ордабекқызы. Тігінші ана осы уақытқа дейінгі кәсібі
барысында көптеген адамдарға қыз жасауын әзірлегенін айтады. Соның ішінде ерекше есте қалғаны – Алтынай Жорабаеваның жасауын тігіп берген.
– Қателеспесем, 2006-2007 жылдары болуы керек. Әлі есімде, қаладағы Әлімбетов көшесіндегі цехта істейміз. Бір топ қыз-келіншек көрпе-төсек тігетінбіз. Бір күні кезекті тапсырыс түсті. Әдеттегідей, екі апай келіп, жетекшімізбен сөйлесіп кеткен.
Содан бастығымыз цехқа келіп айтқан кезде тапсырыс берушілердің Алтынай Жорабаеваның анасы мен апасы екенін білдік. Қыздарын ұзатуға көрпе-төсек тіктірмек екен. Барлығымыз елеңдесіп, «Әншінің жасауын тігетін болдық» деп қуанып қалған едік. Содан тапсырысты бөлетін апа «Феруза, бұл тапсырысты сен тік, сен мақтаны жақсы саласың, көрпелерің бірқалыпты шығады» деп, маған берді. Әртістің көрпесі, әдемілеп тік деген соң, бар өнерімді салып шықтым. Осылайша әнші сіңліміздің жасауын тіккенім бар. Содан жасауын алып кетер күні Алтынай қызымыз үлкен қарбыз ала келіпті. Барлығымыз ортаға қойып, жеп алғанбыз, – деп өткенді еске алды тігінші.
Гүлферуза Ордабекқызының цехы бүгінде ашық. Келген тапсырыстарды орындап жатқанын айтады.
– Жасаған дүниелеріме қымбат емес, қолжетімді баға қоямын. Басты ұстанымым – адам баласы сабыр мен еңбек арқылы барлық нәрсеге қол жеткізе алады. Мен бұған дейін көрпе-төсекті апаларымның қолмен істейтін ескі машинасымен тігетінмін. Соны арқалап, қай жерде тапсырыс болса, соған баратын едім. Қиындыққа мойымай, бүгінгі жағдайға жетіп отырмын. Үкіметке рақмет, осындай біз сияқты жандарға қолдау көрсетіп, ісін бастауына мүмкіндік жасады. Ұл-қыздарымды осы кәсібімнен тапқан несібемнен жетілдіріп отырмын. Құдайдың берген жеті баламнан екі қызымды ұзатып, бір келін түсірдім, – дейді кәсіпкер ана.
Бүгінде қолының ебі бар жан «Ана көрген тон пішер» деп, қыздарын да осы іске баулып жүр. Тағы бір жаңалығы – сықақшы Мұхтар Шерім жазған сценарий бойынша отандық сериалға түсіп жатқанын жеткізді.