Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ахуалға тоқталды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу шарттарын жеңілдету туралы тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әз Наурыз – қоғамдағы татулық пен бірліктің, тұрақтылық пен келісімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Жыл басы саналатын бұл мейрам табиғаттың ғана емес, адам рухының да жаңаруының белгісі.

АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗДАР!!!

Понедельник, 01 Апрель 2024 15:34

78b3a0a0-15ac-49c4-a5f4-7e88ea600e26

Шымкент қаласы полиция департаменті ескертеді!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың белең алуы жиілеп барады. Республика бойынша соңғы екі айда Қазақстандықтар 4 млярд теңгесінен айырылған, яғни алаяқтардың қалтасына салып берген.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Алаяқтардың басым көпшілігі түрлі ақпараттар мен ескертулерді адамның іш-бауырына кіріп, шын мәнінде полиция, әділет органдарының қызметкері, сот орындаушы т.т. болып хабарласып, жеке азаматтың дерек көздері мен есеп счеттарын сұрап, сенімге кіруге тырысады.⁣⁣

Мұндай жағдайда тұтқаны қоя салу қажет.⁣⁣⠀

Қажет болған жағдайда өз банкіңіздің менеджерімен немесе 102-ге телефон шалғаныңыз дұрыс.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің әкімшілігі 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін сараланған тарифтің енгізілуіне байланысты, Сіздің тұрғын үйіңізге тіркелген тұлғалардың санын растауыңыз керектігін ескертеді.

Науқас 34 жаста, 25.01.2024 жылы сол қолының әлсіреуі мен ұйып қалуын байқап, миын МРТ-ға түсіріп, сол жақ ішкі ұйқы артериясының бітеліп қалғаны анықталды.

Өте сирек кездесетін “Такаясу синдромы” диагнозымен 2 Қалалық Ауруханасына жоспарлы түрде ота жасатуға келді. Такаясу синдромы - тамырлардың ішкі қабығының қабыну әсерінен тамырлардың бітелуін шақыратын аутоиммунды ауру.

Отаның мақсаты - сыртқы ұйқы артериясының тармағын ми ішіндегі тамырға қалындығы небәрі 0.02мм хирургиялық жіппен тігу арқылы, қанайналымға бітелген тамырдан айналып өтетін жол жасау. Бұл ота микроскоп көмегімен 24 есе ұлғайту арқылы орындалады. Ота сәтті өтті, науқас ауруханадан аман-есен шығарылды, жағдайы жақсы.

sol-zhak-mi

26.03.2024 күні науқас басының тоқтаусыз ауырсынуына, бас айналуына, тез шаршағыштыққа, ашуланғыштыққа шағымданып түскен. Пациенттің айтуы бойынша бұл шағымдар бірнеше жылдардан бері мазалаған.

Қойылған клиникалық диагноз: сол жақ көпір- мишықтық бұрыш менингиомасы. 27.03.2024 күні №2 Қалалық ауруханасында жоспарлы түрде ота жасалынды. Ота барысында патологиялық қан тамырлар мен Каудальды нервтер тобы ақырын ажыратылып, менингиома толықтай алынды.

Ота 7 сағатқа созылды. Ота барысында науқас 560мл қан жоғалтты.

Страница 21 из 804