Татулықты сақтау – басты мұратымыз Избранное

Пятница, 21 Октябрь 2022 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 819 раз

Еліміздің тәуелсіздігі бұдан тура 22 жыл бұрын –1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күннен басталды. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.

613

 

Бұл Қазақстанның мемлекеттілік негізін қалаған алғашқы заңдық құжаты. Декларацияда қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі және ұлттық намысын қайта жандандыру мен дамыту ең басты міндеттердің бірі болып қойылды. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылуының негізгі көрінісі еді.
Биыл біздің оқу ордамыз QS World University Rankings әлемдік университеттер рейтингінде 443-орынды, білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің рейтингі бойынша республикада 2-орынды иеленді, «Атамекен-2021» ҚР ҰКП жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде үздік бестікке кірді. Бұл біздің Республика күні қарсаңында жеткен үлкен жетістігіміз және отандық білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесіміз деп санаймыз.
Қазіргі таңда университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Үкіметіміздің алға қойған басты міндеті – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға және Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі мақсатында ел экономикасын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін еңбек етуде.
Баршаңызды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұжымы атынан ұлттық мерекемен құттықтаймын! Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мұратымыз. Бостандық пен еркіндіктің бастауы саналатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін!

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-Ректор

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.