ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІПТІҢ КЕПІЛІ

Пятница, 21 Октябрь 2022 05:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 967 раз

25 қазан – Республика күні – ел азаматтары үшін ұлық мерекенің бірі. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан алғаш рет өзін жеке дүниетанымы, әдеп-ғұрыптары, дәстүрі және өзінің болашақ дамуының көрінісі бар республика ретінде жариялады.

621

 

1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғаны белгілі. Сол сәттен бастап-ақ егемен
Қазақстан өзіндік көзқарасы, шекарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен ел егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектеліп, әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылып, біраз жылдар Республика күні кең көлемде атап өтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда 16 желтоқсан күні туралы: «Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деген болатын.

622


Республика күні ұлттық мерекеге айналғанда тарихымызды ұлықтап, мейрамды қайта жаңғыртып ерекше атмосферада өткізуіміз керек. Себебі, Республика күні еліміздің мемлекетке деген батыл қадамының нышаны болуы тиіс. Жаңа мемлекеттің қалыптасқан алғашқы күнінен бастап ел басшылығы ішкі әскерлерінің қазіргі Ұлттық ұланның құрылуына ерекше көңіл бөлді. Мемлекет пен қоғам үшін Ұлттық ұланның маңызы зор екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының
Президенті оларды құру мен өркендеуіне белсенді үлес қосты.
Ұлттық ұлан – халқымыздың бостандығының, еліміздегі тәртіптің, барлық қазақстандықтардың тыныштығы мен сенімділігінің кепілі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құқықтық тәртіп әскері атағын абыроймен ұстанып келеді. Ұлттық ұлан жауынгерлері – қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіптілікті қамтамасыз етіп, ел азаматтарының бостандығы мен бейбіт өмірін күзетуде.

Әнуарбек Нұрмахамбетов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің
командирі, подполковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.