Ел игілігіне – жаңа гүлзар

Пятница, 28 Октябрь 2022 06:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1054 раз

jana-gulzar 1

Республика күні мерекесіне орай Шымкент каласындағы Қазыбек би мен І.Есенберлин көшелерінің қиылысында гүлзардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Тұрғындарға мерелік тарту ретінде ашылған гүлзар демеушілердің қаражаты есебінен салынған. ARG компаниясы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ескі ғимаратының орнын абаттандырып, тұрғындарға демалыс орнын салып берді.

—Азаматтық, жомарттық танытып, мереке күні халыққа осындай үлкен гүлзар ашып беріп жатқан ARG компаниясының басшылығына алғыс айтамын. Қаламыздағы өзге де ірі мердігер компаниялар осындай қолдау көрсетіп жатса, бұл қаланың дамуына зор қолдау болмақ, — деді М.Әйтенов.

jana-gulzar 2

Гүлзарда орындықтар, қоқыс жәшіктері, арнайы ағаштан жасалған «pergola» (шатыр), селфи аймағы, әткеншектер, мен стилді жарықшамдар орнатылған. Тақтатастары фортепиано пернелері іспеттес төселген. Ашылу салтанатына жиналған тұрғындар ризашылығын білдіріп, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.