ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯДА РЕКОРД ЖАҢАРТҚАН ДӘРІГЕР

Четверг, 15 Декабрь 2022 15:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1289 раз

C4ECCC30-A8C7-4055-8688-20040999A1DD

Донбай Абылай Абдужаппарович – хирург, трансплантолог. «Алтын дәрігер» медаль иегері. Жалпы еңбек өтілі — 12 жыл.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
2019 жылдан бері №1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқаруда. Жалпы Шымкент қаласында трансплантология саласын дамытуда зор үлес қосуда.2019жылы⠀Абылай Донбай⠀бастаған трансплантологтар тобы 5 сағат 48 минутта бауыр трансплантациясын жасап, рекордты жаңартты.⠀⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қазіргі таңда №1 Қалалық клиникалық ауруханада Донбай Абылай Абдужаппарұлының бастамасымен 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы және 1 мәйіттік трансплантация жасалынды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Оталар сәтті өтіп, науқастардың шексіз алғысына бөленуде.

Последнее изменение Четверг, 15 Декабрь 2022 15:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.