ОРТАЛЫҚТА 800-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМ АЛДЫ Избранное

Среда, 12 Июль 2023 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 293 раз

Қалалық №2 Оңалту орталығы жуырда ғана күрделі жөндеуден өтті.

560

 

Заманауи қондырғылармен жабдықталған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алды.
Мекемеде неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт, психолог қызметтері көрсетіледі.
Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.