Жоғары медицина колледжінің базасында өткен шараға қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Д.Ештаева, қалалық №1 емхананың бас дәрігері М.Бейсеуов, қалалық №4 емхананың бас дәрігері А.Бекбауова, «Шымкент» жүрек орталығының» дәрігері Г.Әлімбаева, Шымкент қалалық тілдерді оқу-әдістемелік орталығының қызметкері А.Т.Оспанова және колледж қызметкерлері, оқытушылары, кітапханашылары мен білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейдегі ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бір ауыздан ана тілімізге жанашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды.
Қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілде құжат жүргізуге қатысты өздеріне қажет пайдалы ақпарат алып, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.