«Сапалы өнім» — сапалы өмір кепілі

Пятница, 27 Октябрь 2023 05:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 850 раз

abiev

Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ауқымды іс атқарып отыр. 2023 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін 2141 өтініш қаралып, тұтынушылардың 106,0 млн. теңге қаражаты қайтарылды. Әсіресе, олардың ішінде бөлшек сауда (автокөлік, тұрмыстық техника, компьютер, және т.б.) қоғамдық тамақтану бойынша арыз-шағымдар жиі кездеседі.

2023 жылдың 26 қазанында Шымкенттегі «Аманат» партиясының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Б.Есқараев, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Ахметов, «Орынтай Сейдалиев», «Дулат», «Тұтынушылық бақылау», «Тұтынушылық қауіпсіздігі» және «SR Қазақстандық лигасы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі» қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сапалы өнім» тұжырымдамасы бойынша брифинг өткізілді. Жиын Шымкент қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттің басшысы Н.Тулеевтің төрағалығымен өтті.

Брифинг барысында – ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының алға қойған басты елдік міндеттердің бірі болып табылатының айтылды. Бірақ оған қол жеткізу жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), қоғамның, тұтынушылардың, қоғамдық институттармен БАҚ өкілдерінің тұтастай бірлесе жұмыс атқарғанда ғана қол жеткіземіз. Бұл барлық Қазақстандағы 19 млн тұтынушыларды қамтиды. Оны жүзеге асыру үшін «Сапалы өнім» тұжырымдамасының маңызы зор.

Тұжырамдамадағы қоғамдық күштер арқылы - Нормативтік бұзушылықтарды, құқықтары бұзылған тұтынушыларды және жосықсыз бәсекелестікті анықтау ұсынылады. Өздеріңіз білетіндей, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚР «Сауда және интеграция» Министрлігі жаңа редакцияда заң жобасын әзірлеуде. Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды осы салада жұмысты үйлестіретін Омбудсмен енгізу арқылы қоғамдық институттарының функционалдығын арттыру ұсынылады.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді сатып алу құқығына ие болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттары белгілі бір мәселе бойынша жиналған топтың құқығын қорғауға жол ашады.

Осы шаралар іске асырылғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

О.ӘБИЕВ,
Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.