Жарқын болашақ – сапалы білімде

Пятница, 05 Апрель 2024 06:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 277 раз

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауапкершілікпен қарайтыны анық. Бүгінгі таңда Президент өзінің әр Жолдауында ұстаздар алдына үлкен талап қойып, салауатты да сауатты ұрпақ тәрбиелеуге зор жауапкершілікпен сенім артып отыр.

 

Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды пайдалану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Өз ұрпағымызға стандартка сәйкес сапалы білім беруге үлкен жауапкершілікпен қарау болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізбек.
Құрметті талапкер! Сіздерді Орталық Азия инновациялық университетінің «Математика, физика және информатика» кафедрасына оқуға шақырамыз.
Біздің кафедрада бакалавриат бойынша:
- 6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау»;
- 6В01507 – «Физика-Информатика»;
- 6В01509 - «Математика»;
- 6В01511 – «Информатика-Робототехника»;
-6В01512- «Математика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар».
Магистратура бойынша:
- 7М01503 – «Математика»;
- 7М01504– «Информатика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.
Берілген оқу бағдарламасын аяқтаған түлек, өзін кәсіби жоғары білікті маман ретінде білім беру салаларында, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-әдістемелік , мәдени-ағарту , ғылыми және техникалық міндеттерді шешумен байланысты ғылыми және ведомстволық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және есептеу орталықтары, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары, осы саладағы кеңес беру мен коммерциялық қызметті ұйымдастыру саласындағы жоғары білікті маман ретінде көрсете алады.
Университет миссиясы: Инновациялық білім беру технологияларын дамыту және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Университет көзқарасы: Тиімді басқару жүйесін ұстана отырып және оқытудың озық технология әдістерін пайдалана отырып, Орталық Азиядағы жетекші университет болу.
Біздің студентерге оқу процесінде өз бағыттары бойынша заманауи, креативті білім алуға, қуатты техникалық және ақпараттық базаларды пайдалануға, ғылыми зерттеу орталықтарында сапалы білім алуға мүмкіндік жасалған.
Сіздің өміріңіздегі маңызды шешім қабылдау – кәсіпті таңдау сәті келді. Біздің оқу ордасының білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді білім, ғылым және шығармашылық әлеміне шақырамыз!
Университетте Студенттік кеңес, Студенттік маслихат сияқты студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары қызмет көрсетеді және көптеген клубтар мен үйірмелер бар. Жастардың шығармашылық байланыстарын нығайтып, білім алушыларды ізденгіштікке, тапқырлыққа, белсенділікке тарту мақсатында әртүрлі тақырыпта дебаттар ұйымдастырылады, қайырымдылық жасау мақсатында түрлі іс-шараларға қатысады. Басқа қалалардан келген білім алушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Орталық Азия инновациялық университетінің кафедра ұжымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.